«Мұқағали оқулары»  байқауы өтті  

«Мұқағали оқулары»  байқауы өтті   

Биыл ақиық ақын – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Осыған орай,  бүгін Іргелі Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Мұқағали оқулары» байқауы өтті.

Ақынның жауһар жырларымен көрермендерді сусындатқан жыр мерекесіне Іргелі ауылдық округінде орналасқан мектептерден 20-ға жуық оқушы қатысты. Шетінен сен тұр, мен атайын деп бәрі шашасына шаң жұқтырмай жүрген жүйріктер. Олардың өнерлері  бүгінгі жыр додасында сыналды.  Кіл мықтыдан, кім мықтыны білу үшін  аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Еркін Рахимов, Шамалған Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Қонақбай Жалмаханов, Кемертоған орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Арай Қуандыққызы  қазылық көрсетті.

Қызығы қыза түскен жыр додасының ережелерімен таныс болған үміткерлер ақынның өлеңдерін жатқа айтуға талпынып көрді. Көбіне тұсау болған өзі жаттаған өлеңдерін өздері ұмытып ұпай сандарын төмендетіп алып жатса, қайсы басқалары жыр жолдарынан жаңылды.

Ілгерілі-кейінді өнер көрсеткен қатысушылардың осы «Мұқағали оқуларында» өз деңгейлерін барынша байқатты. Шын мәнінде әр жылда өтетін ақын атындағы оқулары жас ақындарға, жыр сүйер өрендерге  жол ашып, әдебиетті, поэзияны құрметтеуге, өнерді дәріптеуге үйрететінін көрсетіп келеді. Бүгінгі дода да дәл сондай мақсатта өзара бесекелестік бәйге арқылы  жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, жеңімпаздар жүлдегерлері анықталды. Сонымен байқау қорытындысына сәйкес үшінші орынды Л.Толстой мектебінен Алуа Смагұлова мен М. Мәметова мектебінен Айназ Байтұрсын иеленді. Ал, екінші орынды Кемертоған мектебінен Адэля Ким мен М. Мәметова мектебінен Таңшолпан  Күнебай қанжығаласа, бірінші орынды Кемертоған мектебінен Диана Ілиясова алды.  Көптен күткен  бас жүлдені өлеңде қарсылас маңайлатпаған  Кемертоған мектебінен Ернар Маханбетәлі лайық деп танылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях