«Ел руханияты тағы бір тарланынан айырылды». Филолог ғалым Сұлтан Оразалин бақилы болды.

«Ел руханияты тағы бір тарланынан айырылды». Филолог ғалым Сұлтан Оразалин бақилы болды.

Филолог ғалым Сұлтан Оразалин фәниге аттанды, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Көгілдір экранда жарық көрген жүздеген әдеби сценарийлер мен телевизиялық пьсалардың авторы, отандық телеарналар мен радиода бас редактор қызметін атқарған Сұлтан Оразалиннің өмірден озғанын, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева естіртті.

Министр фейсбук парақшасында марқұмның отбасы мен туысқандарына көңіл айтып, қайғыға ортақтасты.

«Ел руханияты тағы бір тарланынан айырылды. Алаштың ардақтысы, тіл жанашыры, белгілі филолог-ғалым, қазақ радиосы мен телевизиясына ерекше еңбегі сіңген асыл ағамыз Сұлтан Оразалин дүние салды. Саналы ғұмырын қазақтың әдебиеті мен мәдениетін дәріптеп, туған тілінің тұғырын, ұлтының ұлық мүдделерін ту еткен есіл тұлға артына алты ұрпаққа азық болар шығармашылық үлес пен ғылыми мұра қалдырып кетті. Тәуелсіздіктің таңында тәй-тәй басқан жаңа елдің игілігіне қызметке келіп, жас мемлекеттің ұлттық өрісін кеңейтуге білек сыбана кіріскен Сұлтан ағамыз жылдар өте Үкімет пен Президент жанындағы түрлі алқалардың айнымас мүшесі, ақылман абызына айналды. Отандық тіл саясаты, өнер мен мәдениет мәселелеріне қатысты құнды ғылыми ізденістері мен кесек ойлы шығармалары өскелең ұрпақтың ілім-біліміне қосылған үлкен мирас еді».

Сұлтан Оразалин қазақ мәдениетінің дамуына, әсіресе, бірыңғай мемлекеттік тіл саясатының моделін қалыптастыруға баға жетпес үлес қосты, дейді Qazaq TV журналистері.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях