Ұлы жібек жолындағы сұхбат

Ұлы жібек жолындағы сұхбат

«Ұлы жібек жолындағы келелі сұхбат» – бұл республикалық тарихи-мәдени және орталық Азия аймағындағы  халықтарды жақындастыра түсетін халықаралық жоба. Біздің елімізде бұл бастама 2007 жылдан бері жүзеге асып, мемлекетіміздің барлық өңірлерінде оны іске асыру мақсатында делегациялар құрылып жастармен кездесулер өткізіп жатыр. Міне, осындай ауқымы зор, салмақты жиын бүгін біздің ауданда да ұйымдастырылды.

Сонымен, бұл кездесу алдымен аудандық тарихи-өлкетану музейінде болып, оған Жетісу өңірінің тарихшылары, жас белсенділер мен түрлі ұлт өкілдері қатысты. Онда оларға ауданымыздың тарихы, көне түрлі археологиялық, этнографиялық құндылықтар таныстырылды. Сондай-ақ, жиналғандар Елбасының өміріне, еңбек жолына қатысты қойылған экспозициялық залдарды аралап көрді. Мұнан кейін, кездесу аудандық орталық кітапханада жалғасты. Сұхбат-диалог форматында өткен жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әмина Абдраманова жетекшілік етіп, жобаның мән-маңызын түсіндірді. Ал, кездесуге арнайы келген Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай жастарға тәрбиелік маңызы бар ойын айтса, «Достық Үйі – Қоғамдық келісім» орталығының директоры Тәңірберген Қасымберкебаев көптеген қажетті тарихи ақпараттармен бөлісті. Бұдан бөлек, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, доцент Ержан Буланов қоғамда болып жатқан жастарға қатысты түйткілді жайттарды өз баяндамасында арқау етті. Кездесудің соңында қонақтарға белсенді оқушылар мен студенттер тарапынан сауалдар қойылып, олар түгелдей қанағаттандырылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях