Аудан әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Аудан әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қарасай ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бүгін Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев осы уақытқа дейін аудандық құрылыс бөлімін басқарған Жарас Қатубаевты өзінің орынбасары ретінде бекітіп, жауапты қызметке тағайындады.

Жарас Қанатұлы 1987 жылы дүниеге келген. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылының тумасы. Білімі жоғары. 2009 жылы Алматыдағы Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясының «құрылыс» мамандығын бітіріп, осы қаладағы «Антарес терра» құрылыс учаскесінің шебері ретінде қызметін бастаған. 2011 жылдан 2017 жылға дейін Қарасай аудандық құрылыс бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді. Ал, 2017 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін аталмыш бөлімнің басшысы лауазымында қызмет атқарды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях