«Атамекен» музейінің аумағына гүл егілді

«Атамекен» музейінің аумағына гүл егілді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қарасай ауданының 90 жылдығына орай  «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының аумағына 90 раушан гүл егілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Бұл бастаманы көтеріп, ұйымдастырылуына ұйытқы болған Шамалған ауылдық округінің әкімдігі мен аудандық жастар ресурстық орталығы. Айтулы шараның мақсаты жас буынның бойындағы патриоттық сезімді оятып, еліне, жеріне  деген сүйіспеншілікті арттыруға негізделді.

Қолға алынған мұндай игілікті іс  туған жеріңе деген ыстық ықыласты білдіретіндігін тілге тиек еткен аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің басшысы Ермек Жұматаев, жастардың жасаған жұмыстарына ризашылығын білдірді. Музей қызметкерлері де көркейту жұмыстарына өз үлестерін қосып, жастармен бірлесе ат салысты. Жаз келе жайқала түсер мұражай аумағының әсем гүлдері  алдағы уақытта ауыл ажарына да көрік бермек.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях