Ұлы тұлғаларға құрмет көрсетілді

Ұлы тұлғаларға құрмет көрсетілді

1984 жылдан бастап жыл сайын сәуір айының 18-і күні Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні атап өтіледі. Тәуелсіз еліміздің тарихында алар орны ерекше күнге орай облыс орталығы Қонаев қаласында ұлы тұлғалардың есімі ұлықталып, гүл шоқтарын қою рәсімі мен «Киелі мекен» экоакциясы өтті, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Айта кетейік, аталмыш мерекені 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес Ассамблеясы белгілеген. Мерекенің басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады.

Алдымен тұрғындар қаладағы Абай Құнанбайұлының ескерткіші маңына жиналды. Мұнда балалар арнау өлеңдер оқып, мәдениет басқармасының қызметкерлері мен ардагерлер бұл күннің маңызына тоқталды. Кейін жұртшылық Жамбыл Жабаев пен Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, ұлылардың есімін ұлықтады.

Ал, елімізде өтіп жатқан «Киелі мекен» экоакциясының аясында кітапхана ұжымы мен ардагерлер, жастар  С.Сейфуллин мен А. Қойшыманов ескерткіштерінің маңын қоқыстан тазартты. Бұл тарихи орындарға да гүл шоқтары қойылды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях