Ала тақта үстінде ой жарыстырды

Ала тақта үстінде ой жарыстырды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Аудандық шахматшылар ой жүйріктерін ала тақтада аясында сынады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымының тілшісі.

Бүгін аудан орталығы Қаскелең қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шахматтан аудандық турнир өтті. Оған ауданымыздың барлық ауылдық округтерінен келген 50-ден астам бала қатысып, доданың көркін қыздырды. Аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен бұл турнирді спорт кешеннің директоры Дәурен Төлеген ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен бәсекенің нәтижесі бойынша Іргелі ауылдық округінен келген команда жүлделі ІІІ орынға ие болса, ІІ-орын Жаңа Шамалған ауылдық округінің командасына бұйырды. Ал турнирдің бас жүлдесі Қаскелең қаласының шахматшыларының қанжығасында кетті.

Турнирдің соңында үздік ойын өрнегін көрсеткен шахматшылар ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін тағы да дәлелдеп, Алғыс хатармен және медальдармен марапатталды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях