Студенттер «Жетісу» газетінің бас редакторымен кездесті

Студенттер «Жетісу» газетінің бас редакторымен кездесті

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Талдықорған қаласындағы журналистер үйінде «Workshop» өткізу дәстүрге айналды. Сол дәстүрлі кездесу бүгінде өз жалғасын тауып, «Жетісу» газетінің бас редакторы, ҚР Құрметті журналисі Әміре Әрін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің білімгерлерімен тағлымды кездесу өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жастар жылы аясындағы жылы жүздесуде облыстық газеттің басшысы басылымның  бағыт-бағдары, халыққа қызықты топтамалар жайында ой қозғап, өзінің журналистика саласында жинаған тәжірибелерімен бөлісті.

– Қазақстан журналистикасы тәуелсіздік алғаннан кейін одан бүкіл әлемге танылған әрі  өрісі ерекше дамып отыр. Демек журналистика биіктеген сайын кадрларда өсу керек. Яғни, осы тұрғыда  жас журналист білімгерлерге  теориялық біліммен қатар практикалық білім беріп, тәжірибеден өткізу, бағыт-бағдар беру біздің парызымыз. Жас журналистер – біздің келешегіміз. Ертеңгі күні біздің зымыран дәуіріміздің жылнамасын жазатын,тәуелсіз Қазақстанның асу-асу белестерін көрсетіп, асқаралы жетістіктерін келер  ұрпаққа, тарихқа қашап жазатын осы жастар. Жастарға деген тәрбие, тағлым, білім ерекше болу керек, – деген  Әміре Әрін тағылымды ойларын ортаға салды.

Айта кетейік, ақын «Тамызық» (2004), «Тылсым тыныс» (1999), «Кенен жерім – Көксуым» (2004) сияқты прозалық, публицистикалық жинақтардың авторы. 1997 жылы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықты, 1998 жылы «Қазақстан Республикасының Спортына еңбегі сіңген қызметкер» атағын алған, 2003 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен, Елбасының Алғыс хатымен марапатталған. Қаратал ауданының Құрметті азаматы.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях