«Startup «Bolashak»:  Менің Арманым» республикалық байқауының төртінші маусымы басталды  

«Startup «Bolashak»:  Менің Арманым» республикалық байқауының төртінші маусымы басталды   

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» Қауымдастығымен бірігіп, «Startup «Bolashak»: Менің Арманым» байқауының төртінші маусымын бастады. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Байқаудың мақсаты – жастардың әлеуметтік маңызды жаңашыл идеяларын қолдау, проблеманы шешудің баламалы жолдарын, жаңа идеяларды ұсыну қабілетін көре білуді анықтау. Сонымен қатар,  қазақстандық жастардың әлеуметтік белсенділігін, сыни ойлауын және шығармашылық әлеуетін анықтау және дамытуға негізделді.

Байқауға 16 мен 29 жас аралығындағы кәсібін жаңадан бастаған немесе өз кәсібін бастағысы келетін жас кәсіпкерлер қатыса алады. Іріктеу кезеңі еліміздің 16 өңірінде өтеді. Қатысам деушілер  www.meninarmanym.kz  веб-сайт арқылы онлайн қатысуға өтінім жібере отырып, жобаға кіре алады.

– Аталмыш жоба Жетісу мемлекеттік университетінде екінші жыл өткізілуде. Өткен жылы байқауға республика бойынша 8000 мың өтінім келіп түскен. Жетісу мемлекеттік университетінің 4 білімгері ақтық мәреге жетіп,  бүгінде жеңіп алған қаржыларының арқасында өздерінің жобаларын жүргізуде. Бизнес идеяларын  іске асырғылары   келетін жастарды байқауға қатысуға шақырамыз, – деді І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерциялау кеңсесінің директоры Дамир Дигай.

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях