Санитарлық талаптардың сақталуы тексерілді

Санитарлық талаптардың сақталуы тексерілді

Өткен аптаның сенбісінде коронавирус індетін алдын алу мақсатында аудандық мониторингтік топ, Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, аудан ішіндегі бірнеше тамақтану орталықтарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Рейд барысында дәмханалар мен мейрамхананың әкімшілеріне санитарлық талапқа қатысты бірнеше ескертулер айтылды. Сонымен қатар, келушілер үшін бетперде режімі мен арақашықтықтың сақталуы маңызды екені түсіндірілді.

Тексеріс кезінде қоғамдық тамақтану орталықтарының өкілдері барлық талаптар ескерілетінін жеткізді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях