Әкімдіктерге көтерме-тарату орталығын салуға жер бөлу тапсырылды  

Әкімдіктерге көтерме-тарату орталығын салуға жер бөлу тапсырылды   

Үкімет басшысы Асқар Мамин әкімдіктердің бәріне көтерме-тарату орталығын салу үшін арнайы жер учаскесін бөлуді міндеттеді, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы  24.kz сайтына сілтеме жасап.

– Көтерме-тарату орталықтары кешенін құру жұмысы жеміс, көкөніс өндірісін арттырудың, оның ішінде суармалы жерлерде өнім өсіру көлемін арттырудың негізгі факторына айналады. Азық-түлік сақтау және таратудың жаңа технологиясы жасалады. Ұлттық тауар жүйесін құру жобасы 2022 жылға дейін үш кезеңде іске асырылады. 24-тен аса көтерме-тарату орталығы салынады. Бұл шамамен 4,8 млн тонна агроөнімді сақтауға, өңдеу мен таратуға мүмкіндік береді. Биылдың өзінде Павлодар, Алматы және Түркістан облыстарында, сондай-ақ қосымша Жамбыл облысын көреміз – бірнеше көтерме-тарату орталығы іске қосылады, – деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы сонымен қатар жасалып жатқан инфрақұрылым жиналған жеміс, көкөніс өнімдерінің 100 пайыз сақталуына қамтамасыз етуге және шығынды азайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

– Нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді өз өндірісін ұлғайтуға ынталандырады. Өнімнің сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, барлық өңірде көтерме-тарату орталығы желісінің болуы – маусымаралық кезеңде азық-түлік тапшылығы мәселесін де шешеді, — деді ол. Асқар Мамин бұл ретте жұмысқа цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын да ерекше атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов биыл Алматы, Павлодар және Түркістан облыстарында ауыл шаруашылығы тауарларын сақтауға арналған 5 көтерме-тарату орталығын салу көзделіп отырғанын мәлім еткен еді.

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях