Канье Уэст неге АҚШ президенті бола алмайтынын түсіндірді

Канье Уэст неге АҚШ президенті бола алмайтынын түсіндірді

 

Америкалық рэпер Канье Уэст АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жете алмайтынын мойындады. Бұл туралы ол Forbes басылымына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Известия» сайтына сілтеме жасап.
Журналист музыкантқа қарашада өтетін президент сайлауына қатыса алмайтытын, сайлаушылдардың қолын жинап үлгермейтінін айтты. Себебі, АҚШ-тың бірқатар штатында бұл шара аяқталған. Ал заң тұрғысында бұл талапты өзгерту кеш.
«Мен сізбен дауласпаймын», — деді Канье Уэст журналистке.
Сонымен қатар, музыкант «алдағы президент сайлауына АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джозеф Байденнен афроамерикалықтардың дауысын тартып алу үшін қатысты» деген пікірмен келісті. Алайда Канье Уэст Ақ үй және республикалық ұйымдармен байланысы жоқ екенін атап өтіп өтті.
Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, Канье Уэст Нью-Джерси штатында АҚШ президенті сайлауына қатысу туралы өтінішін кері қайтарып алған. Мемлекеттік судья Гейл Куксонге хат келген. Онда Уэстің президент сайлауына қатыспайтыны жазылған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях