Елтай ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды

Елтай ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды

Елтай ауылдық округінің жаңа әкімі бүгіннен бастап басшылық қызметке кірісті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл әкімдерін халық таңдауы керектігі ел арасында қызу талқыға түскені белгілі. Президенттің бұл бастамасы елді мекендегі тұрғындар тарапынан кеңінен қолдау тауып, өткен аптаның жексенбісінде республика көлемінде ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жүйесі ойдағыдай жүзеге асырылды.

Ауыл басшысын тікелей таңдау үрдісі біздің ауданда да өткені өздеріңізге мәлім. Нақты айтқанда, Елтай ауылдық округі әкіміне үміткер ретінде үш азамат саяси додада бақтарын сынады. Нәтижесінде жергілікті халықтың дауыс беруі арқылы бүгінгі күнге дейін Қарасай ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып келген Біржан Махатов көпшіліктің қолдауына ие болып, округ әкіміне лайық деп танылды.

Алматы облысы бойынша ең жас әкім ретінде танылған Біржан Манатұлын бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев бірқатар ауыл белсенділеріне арнайы таныстырып, қызметтік жолына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудан басшысы округте қордаланған мәселенің реті аз еместігін айтып, оны шешу жолында талай жұмыс атқару керектігін айтты. Ол үшін алдымен Елтай ауылдық округіне қарасты барлық ауылдарды толық аралап, жергілікті тұрғындармен тілдесіп, олардың өтініш-тілектеріне құлақ асып,  жоспарға сай жұмыс істелуі маңызды екені түсіндірілді.

Басшылық орынға тағайындалған Біржан Махатов – осы округке қарасты Береке ауылының тумасы. Ауылдастарының қолдауына ие болған жаңа әкімге артылар жүк те жеңіл емес. Ол жағын бүгін аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы тағайындау барысында нақты айтып, округтің өркендеуі жолында аянбай күш салу қажет екенін жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях