Көпбалалы анаға тігін машинасын сыйлады

Көпбалалы анаға тігін машинасын сыйлады

Елімізде аз қамтылған көпбалалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау көрсетуге бағытталған «Менің кәсібім» атты жоба бастау алған болатын.  Аталған жоба аясында ауданымыздағы Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны көпбалалы жалғыз басты ана  Гүлвира  Шасаитоваға көмек  көрсетілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Нақтырақ айтқанда өткен аптаның жұма күні  Райымбек ауылдық округінің әкімі Елжан Түленбаев, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы  Эльмира Тасырова, аудандық  жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысы Әлия  Қилыбаева және  жеке кәсіпкер Ариф  Аслановтың  демеушілігімен  47 жастағы Гүлвира Әлиакбарқызына  тігін машинасы және азық-түлік себеті берілді.   III деңгейлі тігінші көпбалалы ана үй жағдайында кәсібін жүргізуге мүмкіндік сыйлаған қайырымды жандарға алғысын жеткізді.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях