Ақын Шөмішбай Сариев өмірден өтті

Ақын Шөмішбай Сариев өмірден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Malim.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақынның қазасына қатысты толық ақпарат әзірге жоқ.

Шөмішбай Сариев — 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген. Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған.

Ақын Шөмішбай Сариев – 300-ден астам халыққа кең тараған ән сөздерінің авторы. Оның «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Толғау», «Аралдан ұшқан аққулар», «Домбыра», «Жусан исі», «Қазағымның күйлері-ай», «Сарыарқа», «Бозжорға», «Қазақстан», «Дос керек», «Аяулым», «Арайлы Астана», «Аға, сенсің – Алатауым», «Сағынышым – Астана», «Сүйінші», «Асыл ана», «Ғашықтар жыры», «Аққу сенім», «Ойлан, балам», «Сағындым, сағым жылдар», «Қайран уақыт» тағы басқа ән-өлеңдері көпшілік қауым сүйіп айтатын туындыларға айналды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях