Алматыда маусым айынан бастап қай қызметкерлердің жалақысы артады?

Алматыда маусым айынан бастап қай қызметкерлердің жалақысы артады?

Алматыда маусым айынан 61 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы көтеріледі, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Кtk.kz телеарнаның сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен жалақы өсіруге шамамен 10 млрд теңге бөлінді. Алматы қаласының әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасының мәліметінше, жалақы 30 пайызға дейін артады. Әсіресе, білім беру саласының қызметкерлерінің жалақысын өсіруге басымдық берілді. Олардың саны 55 мың адам, мәдениет саласында – 2 мың, полиция департаментінде – 679, денсаулық сақтау саласында – 535 қызметкердің жалақысы көбейеді. Мысалы, тәрбиешінің жалақысы 54,2 теңгеден 70,4 мың теңгеге дейін өседі. Жоғары санатты мейірбикелердің жалақысы 64,1 теңгеден 77 мың теңгеге дейін өседі. Дәрежесі кіші медициналық қызметкердің жалақысы 48,8 мыңнан 64,5 мыңға дейін, мейірбикенің жалақысы 76,4 мыңнан 99,3 мың теңгеге дейін артады.  Бұған дейін Алматыда 100 өнеркәсіптік кәсіпорын елбасының жалақыны көтеру бастамасын қолдады. Кәсіпорындар жалақыны орта есеппен 45 мың теңгеден 75 мың теңгеге дейін көтерді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях