Ауданымызда мемлекеттік рәміздер күні ұлықталды

Ауданымызда Қазақстан Республикасының Рәміздер күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Рәміз – халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгі боп саналады. Кез-келген мемлекеттің көркейіп, гүлденуі сол  мемлекеттің төл рәміздеріне деген құрмет сезімінен өрбиді. Біздің елімізде бұл мереке 1992 жылы 4 маусым күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Заң қабылданғалы бері аталып келеді. Осы ретте бүгін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Алтын ауыл мектебінің мәжіліс залында салтанатты жиын өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев, бөлім мен мекеме басшылары, округтердің ардагерлер ұйымының төрағалары қатысты.

Жиында алдымен рәміздер күні қашан бекітілгені, оның шығу тарихы бейнеленген бейнероликтер көрсетілді. Мұнан кейін жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталып, Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Дулат Мұратұлы қарасайлықтарды айтулы мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ, Мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін арттыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажеттігін баса айтты. Мұнан кейін салтанатты түрде мемлекеттік қызметке жаңа кірген жас мемлекеттік қызметшілер Қатира Маликаджанова, Әлихан Қожекеев пен Әсел Жұмаханованың қатысуымен ант беру рәсімі өткізілді.

Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған іс-шара соңы аудан өнерпаздарының патриоттық әндерді әуелете шырқаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях