КӨЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ

КӨЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Министрліктің мәлімдеуінше, алдағы уақытта салық төлеушілердің әкімшілік және уақытша шығындарын азайту мақсатында салық пен әлеуметтік төлемдер төлеуді жеңілдету жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, қазіргі таңда көпқабатты үйлердің тұрғындары мүлік және жер салығын төлеуге міндетті болып жүр. Келешекте жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын біріктіру ұсынылуда. Соған байланысты Ұлттық экономика министрлігі көппәтерлі тұрғын үй иелерінің жер салығы алынып тасталанын жария етті.

Одан бөлек, министрлік тарапынан көлік салығын төлеу мерзімін өзгерту де көзделуде.

– Қазір салықты жыл соңына дейін төлеу қажет. 2020 жылдан бастап салықты келесі жылдың 1 сәуіріне дейін төлеу жоспарланып отыр. Бұл автомобиль иелері үшін қолайлы.  Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты — адал салық төлеушінің мүддесін қорғау болып табылады, – делінген министрлік дерегінде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях