Бала даусы» байқауына Алматы облысынан Едіге Диханбаев  қатысады  

Бала даусы» байқауына Алматы облысынан Едіге Диханбаев  қатысады   

Елімізде жыл сайын өткізілетін Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән конкурсының биылғы V маусым финалында Алматы облысының намысын Диханбаев Едіге қорғайтын болады, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.  

Едіге конкурсқа қатысқан 4 135 қатысушылар арасынан кіршіксіз таза бұлақтай дауысымен, харизмасымен ерекшеленіп, үздіктердің қатарынан көрінді. Енді ол басқа қатысушыларымен бірге конкурстың финалына  дайындалу үстінде.  Едіге 15 қазан Республика сарайы сахнасында сөзі  Әбдірахман Асылбектің,  әні  Марсель Алсейітов жазған «Ерікті елім» атты авторлық әнін орындайды.

Оның жасы  11 жаста. Жас талантты әнші  кішкентай жасына қарамастан туған жерінің, облыстың,   Б. Момышұлы атындағы орта мектебіндегі ұстазы Ольга Ломанованың  үмітін ақтауға барын салмақ.  Едіге бала кезінен ән айтатынына қарамастан, домбырада шертіп, каратэмен де айналысады. Болашақта Тоқтар Әубәкіров ағасы сынды космонавт болуды армандайды.

Құрметті жерлестер! Өнер сүйер қауым! Болашақта жарық жұлдыз болып жанатын Едігенің талабын  қолдап, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының қолдауымен  Ә. Назарбаеваның «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» Қоры ұйымдастыратын Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән конкурсында дауыс беріп, тілекші болайық!  Едіге барлық балақайлар үшін еңбекқорлықтың үлгісі болсын!

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях