Іргелі ауылдық округі әкімдігіне үміткерлер таныстырылды

Іргелі ауылдық округі әкімдігіне үміткерлер таныстырылды

Аудан әкімі Жандарбек Далабаев Іргелі ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер азаматтарды таныстырды, деп хабарлайды «Karasayinfo.kz» желілік басылымының тілшісі.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы нөмірі 148 заңының 36-1 бабына сәйкес Іргелі ауылдық округі әкімі Қадірбек Атшабаровтың өкілеттік мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, Қарасай аудандық комиссиясы аталмыш әкімдікке жаңадан сайлауды 2019 жылдың 17 сәуіріне тағайындау туралы шешім шығарды. Бұл басқосуда, ең алдымен, аудан басшы­сы таңдалған үміткерлерді Іргелі ауылдық округінің тұрғындарымен таныстырудан бастады. Кандидаттар қатарында үш азамат сайлауға ілінбек. Атап айтсақ, бүгінде өкілеттігі аяқталған осы ауылдық округтің әкімі Қадірбек Әбдібекұлы, одан кейін Жаңашамалған ауылдық окгугі әкімінің орынбасары Мейірхат Ахметов пен аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айбар Жақанбаев. Бұл азаматтардың еңбек жолы жайлы Жандарбек Ермекұлы ауыл тұрғындарына толық ақпарат беріп, өмірбаяндарымен танысты­рып, барлық талаптарға сай екенін жеткізді. Ал, іргелілік тұрғындардың атынан ақсақал Төлеу Тютебаев сөйлеп, үміткерлерге округтың гүлдене түсуі үшін бар күш-жігерлерін салу керектігін айта келе, жұмыстарына табыс тіледі. Одан кейін, ауыл тұрғыны Раиса Сағаева, Қадірбек Атшабаровтың жұмысына ризашылығын білдіріп, бірнеше көше жөндеуге қатысты ұсынысын айтып, ойымен бөлісті. Басқосу соңында аудан әкімі Жандарбек Далабаев алға қойған үлкен жұмыстардың легімен таныстырды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях