«Қарлығаш» балабақшасындағы Наурыз мерекесі (Видео)

«Қарлығаш» балабақшасындағы Наурыз мерекесі (Видео)

Ауданымызда наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралардың легі басталып  кетті.  Ұлыстың ұлы күнін қарсаңындағы ерекше жиынның бірін «Еламан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Қарлығаш» балабақшасы да ұйымдастарыпты. Күлімдеген көктеммен бірге қазақ даласына келген жаңа жылға арналған концерттік бағдарламаларды тамашалау бөбекжай әкімшілігі ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарды арнайы шақыртқан екен.  Осындай ізгілікті басқосудың өткізуі туралы бастаманы аталмыш балабақшаның меңгерушісі Салтанат Рашитқызы көтеріп, ұйымдастырылуына ұйытқы болған.

«Тәрбие – тал бесіктен» демекші мерекелердің серкесі әз-наурызды өз биігінде қарсы алуды балабақшаның тәрбиеленушілерімен қоса ата-аналары да бірге өнер көрсетті.  Қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеген әрбір топ, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, байғазы, айтыс өнері сынды қазақтың салт-дәстүрін жайлы мағұлмат беріп, қойылым қойды.  Олардың белсене қатысқан елеулі еңбектерін ескере, араларынан ең үздік топқа ақшалай жүлде табысталды. Сахнада сан құбылған көрініс, әуелеген әсем ән, мың бұрала билеген қыздар жиналған көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастағандай болды. Ал, әз-Наурызды тойлауға арнайы шақыртылған мүмкіндігі шектеулі жандар қазақтың жаңа жылын керемет көңіл күймен қарсы алып, бүлдіршіндермен балаша қуанды.

Мерекелік жиын әрі қарай мүмкіндігі шектеулі болғанымен қоғамның толықтай мүшесі саналатын жандардың құрметтіне жайылған ас дастархан үстінде бас қосып, емен жарқын әңгіме айтып,  оларға наурыз көже таратумен жалғасты. Шараның соңы өнерлі өрендердің дайындаған  концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях