Ескелді ауданында – жаңа әкім

Ескелді ауданында – жаңа әкім

Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін осы уақытқа дейін атқарып келген Рустам Әли Ескелді ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Рустам Әли 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Шығыстану мамандығы бойынша (бакалавр, магистратура, докторантура), І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. Философия докторы (PhD). Бірқатар ғылыми зерттеу кітаптарының авторы және бірлескен авторы. Еңбек жолын Алматы қаласында «Деловая неделя» газетінің тілшісі болып бастаған. Кейін Centralasiaonlaine.com сайтында фрилансер, «Каспий» Орта Азия мен Кавказдағы этномәдени және геосаяси зерттеулер журналының Қазақстандағы ресми өкілі, «Деловая неделя» газетінің халықаралық бөлімінің редакторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің оқытушысы, «Деловая неделя» газеті бас редакторының орынбасары, Талдықорғандағы «Жетісу жастары» МҚКК директоры, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың журналистика кафедрасының оқытушысы, Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы, «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының» Алматы облысы бойынша филиалының оқытушысы болды. 2016 жылдың мамырынан 2020 жылдың тамызына дейін Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болды. Одан кейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, осы міндетті бүгінгі күнге дейін атқарды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях