Мəдениет жəне спорт министрлігі балалар арасында жаңа жоба бастады

Мəдениет жəне спорт министрлігі балалар арасында жаңа жоба бастады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 10 сəуірден бастап 6-18 жас аралығында #onerli.oren хэштегімен өткізілетін «Өнерлі өрен» республикалық байқауы басталғанын жариялады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Аталған байқау — вокал (дәстүрлі, эстрадалық, академиялық), музыкалық аспапта ойнау (ішекті, пернелі, ұрмалы, үрмелі аспаптар бойынша), көркемсөз (өлең оқу шеберлері), бейнелеу жəне қолданбалы өнер жанрлары бойынша өтеді. Оған қатысушылардың жасы: 6 мен 18 жас аралығы. Өнерпаздар жас шамасына қарай 6-9 жас — кіші топ, 10-13 жас — орта топ, 14-18 жас — үлкен топ болып үшке бөлінеді.
Байқауға қатысу үшін сапалы түсірілген бейнежазба мен қатысушы туралы толық ақпаратты onerli.oren@mail.ru, Onerli.Oren@gmail.com электронды поштасына жолдау қажет. Қатысушы шығармасын жанды дауыста орындауы керек.
Әр жанрдан 10 қатысушыдан топталып бақ сынайды.
Түнгі 00:00-де бір жанр, бір жас шамасындағы 10 баланың бейнежазбасы @onerli.oren Instagram-парақшасына #onerli.oren хэштегімен және Onerli.Oren YouTube-каналында жарияланады. Дауыс беру — like арқылы тек Instagram- парақшасында жүргізіледі. Дауыс беру әр жанрдан 10 қатысушының бейнежазбасы жариялаған сәттен бастап, 3 тәулік бойы ашық қабылданады, 3-ші күні 23:00-де дауыс беру тоқтатылады.
Жеңімпаздар 23:30-да парақшада жарияланып отырады. Қатысушының бейнежазбасы парақшада сақталып тұра береді. Одан әрі қарай жиналған дауыстар мен жазылған пікірлердің байқауға қатысы болмайды.
Дауыс беру қатаң сүзгіден өтетін болғандықтан, бағдарламалар (бот) арқылы берілген дауыс есептелінбейді. Бірдей дауыс жинаған өнерпаздар болған жағдайда, бірдей екі орын беріледі. Әр күнгі қатысушылар арасындағы жүлде: Бас жүлде, 1-орын, 2-орын, 3-орын.
Жүлдегерлерге ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауреаттық дипломы беріледі. Диплом электронды түрде көрсетілген поштаға жіберіледі. Орын алмаған қатысушыларға «Қатысқаны үшін» дипломы беріледі.
Байқау жанрлары алдын ала жиналған бейнежазбалардың санына қарай жүреді. Ал, конкурс соңында Бас жүлде алған қатысушылар туралы толық ақпарат парақшада жарияланады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях