Ертең карантинге қарамастан қайта жұмысына кірісетін кәсіпорындар белгілі болады

Ертең карантинге қарамастан қайта жұмысына кірісетін кәсіпорындар белгілі болады

Мемлекет басшысының шешімімен карантин режиміне сәуір айының соңына дейін ұзартылғандығына орай ертең төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтпек. Нұр-Сұлтан қаласы штабының мәлімдеуінше жиында жұмысын қайта бастай алатын кәсіпорындардың нақты тізімі қаралады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап өтейік, кей өндіріс орны біртіндеп жұмысын бастайды. Мұндай нысандар санитарлық-эпидемиологиялық талапты қатаң сақтауы тиіс. Ал, қажет болмаған жағдайда, тұрғындардың үйден шығуына тыйым салынады. Тек тұрғылықты жерге жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне, дәріханаға, медициналық қызмет алуға, жұмысқа бару үшін үйден шығуға рұқсат. Автобустар да әзірге қатынамайды. Адам көп жиналатын орындар, кинотеатр, сауда ойын-сауық орталықтары, клуб, мейрамхана, дәмханалар жабық күйінде қала береді. Штаб өкілдері тұрғындарға тек ресми ақпарат көздеріне жүгінуді ескертеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях