Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды

Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, елдің ардақты азаматы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды,  деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бұл туралы ақпаратты Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына мәлімдеді.

Батыр ағамыздың Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл болып еді…

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Дихан ауылы Свердловск ауданы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Ол грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях