Еліміздегі Жұмыспен қамту орталығына 10 жыл толды  

Еліміздегі Жұмыспен қамту орталығына 10 жыл толды   

Биыл елімізде Жұмыспен қамту орталығының  құрылғанына 10 жыл толып отыр. Осыған орай, бүгін  аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев ауданымыздағы аталған мекеме ұжымына арнайы барып  құттықтап қайтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы.  

Ауданымыздағы бос жұмыс орындарын және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші, екінші және үшінші бағыттары,  қоғамдық жұмысқа жіберу және атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы бойынша қызметтер түрлерін  ұсынатын  орталықтың тұрғындар үшін маңызы зор. 10 жыл көлемінде үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан аудандық Жұмыспен қамту орталығындағы әрбір қызмет түрінің қиындығы мен жауапкершілігі мол.    Олардың осы негізде халық игілігіне орай атқарған жұмыстарын елеусіз қалдырмай Дулат Мұратұлы  аудан басшысы Жандарбек Далабаевтың Алғыс хатын аталған  орталықтың басшысы Эльмира Тасыроваға табыс етті. Сонымен қатар, ол орталықтың ұжымын 10 жылдық мерейтойларымен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, жаңа табыстар және кәсіби біліктіліктерінің арқасында биік асулардан көріне беруді тіледі.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях