Ел игілігін арттыру үшін

Ел игілігін арттыру үшін

5 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел игілігін арттыру мақсатын көздейтін үлкен де маңызды мәселелерді ортаға салып, ол бойынша алдымызға нақты міндеттерді қойды.

Атап айтқанда, мемлекет басшысы әлеуметтік жаңғыруға бағытталған бес бастаманы атап көрсетті.

Оның біріншісі «7-20-25» деп аталады. Ол бағдарлама бойынша халыққа тұрғын үй алудың жаңа мүмкіндігі берілетін болады. Яғни, әрбір жұмыс істейтін қазақстандық жеңілдетілген ипотекалық займ арқылы тұрғын үйге қол жеткізе алады.

Екіншісі жалақысы төмен еңбеккерлердің салықтық салмағын жеңілдету, үшіншісі жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, төртіншісі шағын несиелендіруді кеңейту, бесіншісі елді газдандыру туралы бастамалар.

Мұны, көпті көрген, көңіліне көп нәрсені түйген қария етінде айтарым, Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президентіміздің өз халқына жасаған тамаша жақсылығы дегеніміз жөн.

Осының бәрі де барлығымыздың еліміздің ертеңіне деген сенімімізді  күшейтіп, көңілімізді айрықша көтеріп, жанымызды ерекше шаттандырып отыр десем, артық айтқандық емес.

Смағұл САДЫРҚҰЛ,

Іргелі ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы,

Қарасай ауданының Құрметті азаматы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях