Ел чемпионатында жеңімпаздардың қатарынан табылды

0
6989

Осыдан бір апта бұрын Алматы қаласында тірек-қимыл аппараты және көру мүшесі зақымдалған спортшылар арасында пара жеңіл атлетикадан ел чемпионаты басталған болатын. Алматы облысы Қарасай ауданының мықтылары бақ сынаған жарыс бүгін аяқталып, жүлдегерлер марапатталды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Әр аймақтан жиналған бұл додаға Алматы облысы Қарасай ауданының намысын қорғау үшін «Жігер-М» мүгедек спортшылардың федерациясы» қоғамдық бірлестігінің спортшылары қатысып, өздерінің мүмкіндіктерін жақсы жағынан байқатты.

Республикалық чемпионатқа жоғарыда атап өткен үкіметтік емес ұйымның 17 спортшысы қатысты. Олардың қатарында жастар да, ересектер де болды. Әрбірі спорттық қабілеттеріне қарай 100 метрден бастап 5000 метр дейін қашықтыққа жүгіруден, ұзындыққа секіруден, ядро итеруден, диск, найза лақтырудан сынға түсті.

Тәжіғали Ходжамұратов жетекшілік ететін қоғамдық бірлестіктің мүшелері бұл спорттық додадан жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда, Бақыт Бекбай, Таңатов Темірлан, Елнұр Тәжіғалиұлы, Азамат Құрбанбев, Абзал Қайыпберді,Зульфия Ибрагимова, Гүлім Ермаханқызы сынды спортшылар І орындарға ие болса, Бауыржан Әбілов, Айнұр Тайжанова, Назира Малихаджаева ІІ орындарды қанжығасына байлады. Ал жүлделі ІІІ орындар Данияр Ахметжановқа, Еламан Құсайыновқа бұйырды. Одан бөлек Никита Чебаков та мықтылардың қатарынан табылып, IV орынға лайық деп танылды.

Осылайша турнирдың жеңімпаздары Қарасай ауданының намысын ел чемпионатында қорғап, көпке үлгі боларлықтай нәтиже көрсетті. Барлық жарыс жүлдегерлерін құттықтаймыз!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь