«Эфес Қазақстан» зауытының демеушілігімен азық-түлік себеттері таратылды

«Эфес Қазақстан» зауытының демеушілігімен азық-түлік себеттері таратылды

Бүгін қарасайлықтарға «Біз біргеміз» акциясының аясында азық-түлік себеттері таратылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, бүгін аудандық «Nur Otan» партиясының филиалының өкілдері еріктілермен бірігіп, ауданымыздағы мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін таратты. Бұл игі шара «Эфес Қазақстан» сыра зауытының демеушілігімен іске асты. Аталмыш мекеме қазіргі еліміздегі жағдайға байланысты адамдарға қолдау көрсету мақсатында «Nur Otan» партиясының филиалына 100 азық-түлік себеттерін берген.

Бүгін осы себеттердің 20-сы аудандық еріктілердің арқасында көмекке зәру көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға табысталды. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше қалған 80 себетпен тағы да аудандық «Nur Otan» партиясы филиалынан 50 себет алдағы уақытта нақтырақ айтқанда 3-4 күннің ішінде тізімге сәйкес мұқтаж жандарға таратылмақ.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях