Діни экстремизмнің бастауы – діни сауатсыздық

Діни экстремизмнің бастауы – діни сауатсыздық

Қарасай аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Діни сауатсыздықтың соңы орны толмас өкінішке әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Өйткені жете түсінбеген ақпараттың салдарынан қазіргі қоғамда дін жолында талай адасушылықтар кездесіп жатыр. Адамдар тура жолдан таймау үшін немесе діни экстремизмнің алдын алуға байланысты Қарасай аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы түрлі жиындар өткізуге атсалысып келеді. Бүгін осы топтың бірқатар мүшелері елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында аудандық орталық кітапханада өзекті тақырып аясында әңгіме өрбітті. Нақты айтар болсақ, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері мен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар арасында «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» туралы ойлар айтылып, пайдалы кеңестер ортаға салынды. Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әмина Абдраманова жүргізіп отырса, тақырып аясында өз ойларын жеткізу үшін Қарасай ауданының бас имамы Ринат Ташенов, аудандық пробация қызметінің бастығы, майор Нұрбол Мұхамедиев, «ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының мүшесі, дінтанушы Сәмет Байжұман шақырылды.

Басқосу барысында айтылған ойлардың басым көпшілігі қоғамның тұрақты тыныштығы мен ислам дінінің артықшылықтары жайлы болды. Сонымен қатар, шақырылған мамандардың тарапынан пайымды пікірлер де айтылып жатты. Мәселен, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, бас имам Ринат Сейітқалиұлы әркім өз қателігі үшін күресу керектігін айтса, майор Н.Мұхамедиев басты құндылық тәрбие екендігін айтты. Ал, дәстүрлі діннің пайда болу тарихы жайлы дінтанушы С.Байжұман өз білгенін айтып, соқыр сенімге алданбауға шақырды. Жиын соңында мамандар тарапы дін жолында жүріп бағытынан тайған адамдардың өмір жолынан мысалдар да келтіріп, пайдалы кеңестерін жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях