Депутаттар коронавирусқа қарсы вакцина салдырды  

Депутаттар коронавирусқа қарсы вакцина салдырды   

Мәжіліс депутаттары арасында Зарина Камалова, Лариса Павловец және Ғалымжан Елеуов алғашқы болып коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасады,  деп хабарлайды karasayinfo,kz  желілік басылымы  Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттар VII шақырылымның Мәжілісіне сайланғанға дейін коронавируспен күрес шеңберінде өз өңірінің медициналық мекемелерінде жұмыс істегені атап өтті. Олар жаппай вакцинациялау ұжымдық иммунитетті тезірек қалыптастыруға және қазақстандықтардың өмірін үйреншікті арнаға қайтаруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

«Дәрігер ретінде мен қазір жаппай вакцинациялау ғана коронавирустың таралуына қарсы тұра алатындығын жақсы түсінемін. Әрине, бұл әр адамның еркі. Мен нақты шешім қабылдадым: екпе жасатамын. Өйткені ол менің де, туыстарым мен достарымның да денсаулығы осыған байланысты», — деді Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов.

Депутаттар вакцина салдырғаннан кейін жағдайы жақсы екенін айтты.

Қалған депутаттарды вакцинациялау наурызда Денсаулық сақтау министрлігінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. Ал, Мәжіліс Төрағасына қатысты айтар болсақ, Нұрлан Нығматулин осыған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандықтан, жеткілікті антиденелері бар екені хабарланды. Осыған сәйкес, екпе салдыруды қажет ететін медициналық көрсеткіштері жоқ.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях