Республика көлеміндегі сайыс

Республика көлеміндегі сайыс

Каратэ спорт түрінен қазіргі таңда ауданымызда көптеген маңызы бар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл батыс жекпе-жегі елімізге енгеніне аз уақыт болсада, мемлекетіміздегі, оның ішінде қарасайлық жастардың арасында тез тарап, оған деген қызығушылықтары күннен күнге артуда. Осының бір дәлелі ретінде Қаскелең қаласындағы Алтын ауыл мектебінде өткен киокушинкайкан каратэден «Kaskelen Cup – 2018» ашық чемпионатын айтуға болады.

Мықтының шеберлігін анықтайтын бұл жарысқа Қазақстанның алты  облысындағы қалалары мен аудандарынан 400-ден астам бала бақ сынауға жиналған. Ал, дүбірлі доданың ашылу салтанатына аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серік Қамзанов пен Ұлттық Республикалық киокушинкайкан каратэ федерациясының вице-президенті Сайранбек Әбілқайыров қатысып, сөз сөйледі. Жарыстың негізгі мақсаты мен міндеті шығыс жекпе-жек спорт түрін дамытып, жас спортшылардың шеберлігін шыңдау болатын. Сонымен қатар, аталған спорт түрі каратэ әділ қазыларының тәжірибесін арттыруға, сапа жұмысын жетілдіруге бағытталды.

Аудандық әкімдік пен Ұлттық республикалық киокушинкайкан каратэ федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған спорттық іс-шараға 5-17 жас аралығында 17 клубтың каратэшілері бақ сынасты. Орал қаласында өтетін республикалық сайысқа қарасайлықтар да лайықты екенін танытып, ашық чемпионатта командалық есепте 2-орынды «Батыр бала» спорт клубы қанжығасына байлап, мықтылығын көрсетті. 400-ден астам каратэшінің басын қосқан бұл дүбірлі додада аталмыш жаттығу орталығының атынан шыққан 5 жерлесіміз, атап айтсақ, Нұрболат Ерболат алтын медальді жеңіп алса, Мейірбек Қанатбаев, Бекзат Ахан, Әсел Әзімханова күміс медальға қол жеткізді. Ал, Дулат Алдашев пен Дарья Степанова 3-орынға табан тіреп, озаттардың қатарынан көрінді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях