Cаясаткерлер мен олардың отбасыларының ақша операциясы тексеріледі

Cаясаткерлер мен олардың отбасыларының ақша операциясы тексеріледі

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің ақша операцияларын тексеру жоспарда бар, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Депутаттар Мәжіліске заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бойынша түзетулер енгізді.

Мәжіліс депутаты Сергей Симоновтың айтуынша, ақшамен және басқа мүлікпен жасалатын операциялар бойынша мониторинг жүргізілетін адамдар тізімін Қазақстан Президенті бекітеді. Қаржылық мониторинг агенттігі бұл адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының жеке тізімін жасайды.

«Яғни, Қазақстанның мемлекеттік шенеуніктері мен олардың туыстары қаржылық мониторинг субъектілерінен тиісті қызметтерді алғаннан кейін, сонымен қатар шетелдік мемлекеттік қызметкерлерге қосымша тексеруден өтеді», – деді Симонов Мәжіліс отырысында.

Ол мемлекеттік шенеуніктерге жауапты мемлекеттік қызметтерді атқаратын адамдар тізіміне, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқаратын адамдар кіретінін айтты.

«ФАТФ-тың халықаралық стандарттарына сәйкес өз елінде мемлекеттік басқарудың жария функциялары берілген адамдар: мемлекет және үкімет басшылары, Үкіметтің аға қызметкерлері, сот және әскери қызметкерлер, көрнекті саяси қайраткерлер, сондай-ақ мемлекеттік корпорациялардың басшылары жатады. Арасында саяси партиялардың қоғамдық тұлғалары да бар», – деп түйіндеді ол.

Сондай-ақ, заң жобасы аясында «отбасы мүшелері» деген ұғым нақтыланады. Оған ерлі-зайыпты кіреді.

«Жақын туыстарға келетін болсақ, анықтама Неке және отбасы туралы кодекстен алынады. Ол жерде жақын туыстарға ата-ана, бала, аға-іні, апа-сіңлі, ата, әже, немере кіреді деп көрсетілген», – деп түсіндірді Сергей Симонов.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях