Олимпиадалық жүзу бассейні қыркүйек айында іске қосылады

Олимпиадалық жүзу бассейні қыркүйек айында іске қосылады

Облыс орталығы Талдықорған қаласында салынып жатқан олимпиадалық жүзу бассейні осы жылдың қыркүйек айында іске қосылатын болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда нысанда құрылыс қарқынды жүріп жатыр, оның бірінші кезеңінің көлемі 80% аяқталған. Таяуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізіліп жатқан теңдессіз осы бір жобаның құрылыс барысын облыс басшысы Амандық Баталов бақылап қайтты.

Маңызды нысанды Амандық Ғаббасұлы мердігер «Bazis Construction» компаниясының басшылы және мамандарымен бірге аралап, алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстардың егжей-тегжейін талқылады. Сондай-ақ, облыс басшысы ғимараттың ішкі жағының жасалуына байланысты мамандардың бірқатар ұсыныстарын тыңдады.

Нысанды аралау барысында Амандық Баталов ғимарат аумағы бойынша жасалып жатқан абаттандыру жұмыстарын қатаң сынға алып, енді екі аптада бір рет келіп, өзі бақылап тұратының жеткізді.

«Bazis Construction» мердігер компаниясының атқарушы директоры Мұстафа Афраиловтың айтуынша, жалпы құрылыстың бірінші кезеңі аяқталуға жақын. Екінші кезеңі іске қосу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін, бассейндерді тексеру, суға толтыру, суды жылыту мен желдету сапасын тексеру үшін керек. Барлық қажетті италиялық, германиялық құрал-жабдықтар жеткізіліп, орнатуға дайын тұр. Қазіргі кезде компания ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр ал, алдағы аптадан бастап абаттандыру істеріне кірісетін болады. Нысандағы жұмыстарға 475 адам тартылған, шатырдың өзінде 75 адам жұмыс істеп жатыр.

Еске салатын болсақ жалпы алаңы мың шаршы метр болатын, су спорты түріне арналған нысан базасында әлемдік стандарттарға сәйкес 2 бассейн бар. Ұзындығы 50 метрлік бассейндердің бірі жүзу, аквааэробика, су добы, мәнерлеп жүзу бойынша оқу-жаттығу сабақтарына арналса, екіншісі 5-тен 10 метрге дейінгі биіктіктен суға секіруге арналған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях