Батырлар жырын тыңдауға арналған мобильді қосымша ойлап табылды

Батырлар жырын тыңдауға арналған мобильді қосымша ойлап табылды

Ақтөбелік 34 жастағы Жансерік Сүйінбаев эпостық жырларды мобиль қосымша арқылы оқуды ұсынды деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл жайында Tengrinews.kz  сайтынының тілшісіне берген сұхбатында белгілі болды.  

Жансерік Сүйінбаев  айтуынша, QazEpos қосымшасында қазақ халқының эпостары аудио нұсқада тек күйтабақта жазылған, оларды смартфон арқылы тыңдауға болады екен. Бұл бағдарламаны жасап шығару үшін 2 жылдай уақыт еңбектенген, оның бір жылы эпостардың авторлық құқыққа ие компания өкілдерімен келісім жасасуға кеткен.

– Бұл қосымшаны таяуда ғана іске қостым. Бұл «Тұлпар мініп, ту алған» флешмобымен тұспа-тұс келді. Мен эпостардың түпнұсқаларын ресейлік компаниядан алдырдым. Жазылған қолда бар эпостардың саны бар-жоғы 11 екен. Білуімше, тек эпикалық жыр-дастандардың халық арасында таралған саны 300-ге жуық, осының ішінде жарық көргендері қырыққа да жетпейді. Болашақта жарыққа шықпағандарын да қосымшаға енгізу жоспарда бар, – дейді автор.

Қазіргі уақытта QazEpos қосымшасында Қобыланды батыр, Қыз Жібек, Мұңлық-Зарлық, Алпамыс батыр, Айман-Шолпан, Қарасай Қази батырлық дастаны, Қамбар батыр, Әли батыр, Қабанбай батыр, Нар қыз, Асау Барақ эпостық жырлары бар. Жансерік Сүйінбаев қосымша жасаудағы мақсаты қазақ ауыз әдебиетін жастарға қолжетімді ету екенін айтты.

Ол бұл жобаны әлеуметтік мақсаттарды көздеп жасағанын айтты. Дегенмен, қосымшадағы эпостарды толықтай тыңдау үшін оны ақылы түрде сатып алу қажет. Жансерік Сүйінбаев қосымша не үшін толықтай тегін емес екенін түсіндірді.  Яғни қосымшаның заңды түрде шығуын қалап, эпостағы жырларды орындаған және оқыған адамдарға және Кеңес үкіметінде осыларды шығарған «Мелодия» дыбыс жазу студиясының құқықтарын бұзбау үшін, оларға төлемақыларын беру мақсатында қосымшаны толықтай пайдалану ақылы түрде жүзеге асады. Эпостарды толықтай тыңдау үшін қолданушы ең арзан бағамен оларды сатып алуы керек екен.  Әзірше Алпамыс батыр жырын толықтай тегін тыңдауға болады. Жансерік QazEpos қосымшасын одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта қосымшаны тек App Store-дан iOS мобиль смартфондарына жүктеуге болады. Android операциялық жүйесіне қосымшаны шығаруға жоспарланып жатыр екен. Жүктеп болғаннан кейін кез келген эпостық жырды тыңдай аласыз, ол үшін ешқандай тіркеу жасаудың қажеті жоқ. Халық ауыз әдебиетінің шығармаларының барлығын бір электронды жүйеге топтастыру деген мақсаты бар екен. Оның айтуынша, бәрін іске асыру үлкен еңбекті талап етеді. Дегенмен, осындай қосымша арқылы ол болашақ ұрпақтың саналы, рухы биік, ұлтжанды болып өсуіне барын салатынын айтты.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях