Облыстық мониторинг тобы Қарасай ауданында  

Облыстық мониторинг тобы Қарасай ауданында   

Бүгін ауданға сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын талдау мен бағалау жұмысы бойынша Алматы облысынан арнайы мониторинг тобы жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Оның құрамына облыстық мониторинг тобының жетекшісі Дания  Қыдырбаева, облыстық мониторинг  тобының мүшесі Аршагүл Тойбаева, Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері  Орал Қажымұханұлы,  облыстық ата-аналар  комитеті қоғамдық бірлестігінің мүшесі Әйгерім Тәжібаева кірді.

Алдымен жұмыс тобы жоспарға сәйкес алғашқы кездесуді аудандық әкімдіктің  кіші мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңес, мониторинг мүшелері және мемлекеттік қызметшілермен өткізді. Жиынды аудан әкімінің  аппарат басшысы Айдын Әуесбай жүргізіп, оның  барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру тұжырымдамасы талқыланды. Сонымен қатар, осы бағытта азаматтар тарапынан мемлекеттік органдарға келіп түскен өтініштердің сапалы  қадағалап, тез шешім қабылдаудың талап етілетін тұстары сөз етілді. Ал,  Орал Қажымұханұлы сыбайлас жемқорлық мемлекеттік қызметшінің нәтижелі жұмыс істеуіне кедергі келтіретінін айтты,  онымен байланысқан салдары қандай жағдайға әкеліп соқ мағұлмат берді. Жиын барысында қоғамдық кеңестің алға қойған жоспарланған және атқарылған жұмыстары да әңгіме арқауына айналды.

Бұл кездесуден кейін жұмыс тобының мүшелері аудандық «Nur Otan» партиясы филиалында өңірдегі тұрғындардың әлеуметтік сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда бірқатар түйіткілді сұрақтармен  жазылған азаматтар мәселелерінің шешімін тапты. Сонымен қатар, бұл күні аталмыш топ мүшелері ХКҚО, аудандық аурухананы, Қаскелең мәдениет және С. Жандосов колледждерін, Алтын ауыл мектебін және әлеуметтік нысандарды аралады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях