1000 ОҚУШЫҒА АРНАЛҒАН АҒЫЛШЫН ТІЛІ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

1000 ОҚУШЫҒА АРНАЛҒАН АҒЫЛШЫН ТІЛІ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Алматы облысы бойынша танымал білім беру орталықтарының бірі болып «CES for You»-дің жаңа ғимараты ашылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

 

Қазіргі заманда жаһандық, маңызды, керекті тілдердің бірі – ағылшын. Көптеген алпауыт елдердің ортақ ой алмасуына айналған бұл тілдің қажеттілігі заман талабына сай артып келеді. Осы сұранысқа байланысты еліміз бойынша ағылшын тілін оқытатын білім ордасының саны да аз емес. Озық оқушыларын дайындайтын мұндай мектептердің қатарында Алматы облысына танымал, талай оқушылардың зейінін ашып, жетістікке жетелейтін «CES for You» орталығы бар. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында бүгін Қаскелең қаласында аталмыш білім беру ошағының тағы бір жаңа ғимараты ашылды.

Айгүл Тәңірбергенова басшылық ететін орталықтың жұмысы 2013 жылы басталған. Осы уақытқа дейін 14 филиалы бар білім мектебі енді міне, тағы бір әсем де зәулім ғимаратымен толықты. Заманауи талапта жабдықталған қос қабатты нысан «CES for You» орталығының ең негізгі мекемесі болып табылады.

Ұжымның тарихи күндерінің бірі болып саналатын бұл қуанышты сәтке Айгүл Қанатқызына қашанда қолдау білдіріп жүретін, жанашыр, жомарт жандар арнайы шақырылды. Атап айтқанда, «Isker Company» ЖШС-нің басшысы Василий Тен мен «Заман жаршысы» газеті» ЖШС-нің директор-бас редакторы Атлана Исаева сынды Қарасай ауданының мәслихат депутаттары, сонымен қатар, танымал айтыскер Балғынбек Имашев, қол күрестен Қазақстанның, Азияның чемпионы, қара күштің иесі Темір Спатаев және басқа да өнер жүлдыздары құрметті қонақтардың қатарынан табылды. Салтанатты кешке шақырылған аталған меймандар өздерінің жылы лебіздерін, ақжарма тілектерін білдіріп, өнерлі жандар өздерінің ән-шашуларын арнады. Одан кейін азулы ақын Балғынбек Имашев ағалық ақ батасын берсе, аудандық мәслихат депутаты Васили Тен мен «CES for You» ағылшын тілін оқыту орталығының құрылтайшыларының бірі Руслан Ниязбаев жаңа мекеменің қызыл лентасын қиды.

Осылайша 9 жыл бойы білім әлемінде тер төгіп, ағылшын тіліне деген ынтаны оятып жүрген «CES for You» ерекше ғимаратымен жаңа белестерге тағы бір қадам басты. Алдағы уақытта бұл орталық аудан бойынша 1000-нан аса баланы қабылдап, шет тілін үйретуді жоспарлауда. Оларға қазақстандық универсиеттерді бітірген, ағылшынды жетік меңгерген тәлімгерлер мен практика жүзінде оқушылардың тез дағдылануы үшін шетелдік ұстаздар да білім беретін болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях