«Қазіргі жастар мен дін» тақырыбында семинар өтті

«Қазіргі жастар мен дін» тақырыбында семинар өтті

Кеше ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласында орналасқан Гуманитарлық коллежде діне экстремизмге қарсы «Қазіргі жастар мен дін» атты тақырыпта семинар өтті деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Осы іс-шараны ауданымыздағы дін мәселесіне қатысты топ жылдық жоспарына сәйкес қалалық әкімшілік пен аталмыш білім ордасымен бірлесіп ұйымдастырған. Оған қалалық әкімшіліктің бас маманы Маржан Әйткенова, теолог-инспектор Бауыржан Жадрин, аудандық бас имам Ринат Ташенов пен колледждің ұстаздары мен студенттері қатысты.

Жиында бас имам мен теолог-инспекторы дәстүрлі емес діни ағымдардың арбауына түсіп қалмаудың жолдарын айтып өтті. Сондай-ақ, қазіргі ең өзекті проблемалардың біріне айналған экстремизм мен терроризмнің әлемге тигізіп отырған зауалына тоқталған дін мамандары оның алдын алу және одан сақтанудың жолдарын да айтты.

Сонымен қатар, семинар барысында колледж студенттерімен мұғалімдері көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях