АҚ ЖЕЛЕҢДІЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

АҚ ЖЕЛЕҢДІЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

Жыл сайынғы дәстүр бойынша қарасайлық медицина қызметкерлерінің төл мерекесі биыл да салтанатты түрде аталып өтілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Мерейлі басқосуға аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы қатысып ақ желеңді абзал жандарды атаулы күнмен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.  Мереке иелеріне деген өзінің ыстық ықыласын жеткізу үшін мінбеге көтерілген Жандарбек Ермекұлы адамның жарық дүниеге келуі мен алаңсыз өмір сүруіне тікелей қатысы бар медицина қызметінің мемлекеттің өсіп-өркендеуі жолында алатын орны зор екендігін атап айтты. Одан кейін ауданның бірінші басшысы аудандағы медицина саласының  қызметкерлерін марапаттады. Атап айтқанда орталық аурухананың балалар бөлімінің меңгерушісі Ажар Мустапбаева мен жарақат бөлімінің меңгерушісі Алтай Достияровқа «Алтын дәрігер» төсбелгісін, Раушан Нұрмаганбетова мен Асыл Бекчентаеваға «Стаматологиялық қызметтің үздігі» төсбелгісін, облыстық жарыстың жүлдегері «Үздік ауылдық дәрігер» сертификатын Ақайша Саринаға тапсырды.

Сонымен қатар, ауданның бірінші басшысы еңбектерін елеп бірқатар мереке иелеріне өз атынан денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі мен адал қызметтері үшін Құрмет грамотасын табыстады. Бұдан бөлек, медицина саласында ұзақ жылдар жұмыс істеп, зейнетке шыққан ардагерлерге ерекше құрмет білдіріліп, гүл шоқтары табыс етілді. Әрі қарай, ақ желеңділерге  арналған, әуезді ән мен әдемі бимен өрнектелген концерттік бағдарлама бастау алып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мереке сәнін арттыра түсті.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях