600 тұрмысы төмен және көп балалы отбасы баспаналы болады

600 тұрмысы төмен және көп балалы отбасы баспаналы болады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бірқатар маңызды мәселелер қаралды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыс басшысы қатысқан жиында өңірдің 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі қаралып, жоспарға сай бағыттар айқындалды.

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы биылғы жылдың өзінде аз қамтылған және көпбалалы 600-ден астам отбасыны баспанамен қамту жоспары барын айтты. Өзгерістерге сәйкес, басымдық төтенше жағдайлардың алдын алу, білім, денсаулық, әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және коммуникация сияқты салаларға беріледі. Оның ішінде әлеуметтік салаға бағытталған іс-шараларды ерекше атап өтуге болады. Атап айтқанда, қомақты қаржы аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, жалғызілікті зейнеткерлер үшін қажетті көмектерді көрсетуге бағытталмақ.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях