Аудандық «Nur Otan» партиясының қоғамдық штабы «Almaty Tannery+» мекемесінде

Аудандық «Nur Otan» партиясының  қоғамдық штабы «Almaty Tannery+» мекемесінде

«Nur Otan» партиясының аудандағы штабы «Almaty Tannery+» мекемесінің  еңбек ұжымымен өткен жиында Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында бизнес саласына жасайтын мемлекеттік қолдауы туралы толықтай түсіндірді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі. 

Кездесуде сөз алған аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының бірінші орынбасары, штаб жетекшісі,  Ақшолпан Марат ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп берді.

– Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын бірге қалап, иық тіресе еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі саясаткер, әлемдік деңгейдегі беделді дипломат. Сондықтан да «Nur Otan» партиясының төрағасы сенім артып, ел тізгінін ұстауға лайық тұлға деп танып отыр. Біз де 9-маусымда болатын сайлауда, еліміздің болашағындағы даму жолындағы тарихи сәтінде Қасым-Жомарт Кемелұлына бір кісідей қолдау көрсетеді деп сенемін, – деген Ақшолпан Қайратқызы кәсіпорын жұмыскерлерін партия кандидатына дауыс беруге шақырды.

Ал, партия ардагері  Баян Мұхамедиярова Қасым-Жомарт Тоқаевты шағын кәсіпкерлікті дамытуға серпін беретін микронесиелеуге көп көңіл бөліп, отандық бизнестің дамуына қолдау білдіретін айтты. Өзге де аталмыш партияның аудандағы штаб мүшелері ұсынылған үміткердің еңбек жолы жайлы баяндап, тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі жөнінде баяндап берді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях