Аудандық газеттің бұрынғы бас редакторы Өтесін Құбиев өмірден өтті

Аудандық газеттің бұрынғы бас редакторы Өтесін Құбиев өмірден өтті

Қарасай ауданының Құрметті азаматы, белгілі қаламгер, баспасөз ардагері, «Заман жаршысы» газетінің бұрынғы бас редакторы Өтесін Құбиев дүниеден өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы

Өтесін Иманқұлұлы Құбиев 1949 жылы 15 қыркүйекте Атырау облысы Қызылқоға ауданының Қоныстану ауылында дүниеге келген.

Осы облыстың Мақат ауданына қарасты Доссор мұнай кәсіпшілігіндегі        В. Белинский атындағы орта мектебін бітірген соң осы өңірде бір-екі жылдай еңбекке араласты. Содан соң әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне түсіп оны, 1976 жылы  бітіріп шықты.

Журналистік еңбек жолын Алматы облысының Күрті аудандық «Шұғыла» газетінде тілшіліктен бастап, бөлім меңгерушісі, газеттің жауапты хатшысы қызметтерін абыройлы атқарды. Жас журналист 1978 жылы  Күрті аудандық партия  комитетінің ұйымдастыру партиялық жұмыс бөліміне нұсқаушы болып бекітілген. Осы жұмыста жүріп 1981 жылы Алматы облыстық партия  комитеті бюросының қаулысымен Күрті аудандық «Шұғыла» газетінің бас редакторлығына тағайындалды. Бұл лауазымдық қызметті 1993 жылдың қыркүйек айына дейін атқарды. Халық депутаттары Күрті аудандық кеңесінің кезектен тыс сессиясында аудандық «Шұғыла» газетінің редакторы, депутат Өтесін Құбиевті аудандық кеңес төрағасының орынбасары лауазымна сайлады. Кейін аудандық мәслихаттың хатшысы болды. Бұл қызметті 1997 жылдың маусым айына дейін Күрті ауданы тарағанға дейін атқарды. 1998 жылдың мамыр айынан Қарасай аудандық «Заман жаршысы» газеті редакторының орынбасары болып журналистік еңбек жолын қайта жалғастырды. 2002-2014 жылдары «Заман жаршысы» газетінің бас редакторы қызметін абыроймен атқарып, құрметті демалысқа шықты.

Өтесін Иманқұлұлы қарымды қаламгер, жас журналистердің тәлімгер-ұстазы. Ол – Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер одағы С. Бердіқұлов атындағы сыйлығының лауреаты. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметіне қосқан үлкен үлесі үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет, Ақпарат және Қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен, Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін екі мәрте Алматы облысының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ол – «Қаламымның ұшында тыныстайды өмір», «Қазақтың Әйтей батыры» және «Өтеуменен келемін парызымды» кітаптарының авторы. «Саясаткер» номинациясы бойынша 1997 жылы шыққан «Элита Казахстана» кітабына енген.

Жанұялы өмірлік серігі – Гүлжаһанмен бірге екі ұл, екі қыз тәрбиелеп, олардан алты немере сүйген.

Ө. Құбиев – Іле және Қарасай аудандарының Құрметті азаматы.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях