Кез-келген дағдарыс – «жаңа мүмкіндіктер» нышаны

Кез-келген дағдарыс – «жаңа мүмкіндіктер» нышаны

СДУ-дің доценті, экономика ғылымдарының PhD докторы, зерттеуші-профессор Есенғали Өскенбаев жаһандық экономикадағы өзгеріс пен дүйім жұртқа дүрбелең туғызатын дағдарысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Әлемдік дағдарыстың адам өміріне және экономикада терең із қалдыратыны сөзсіз. Сондай-ақ, ол бұқарада кейбір дағдылардың қалыптасуына жетелейді. Оларды дағдарыстан кейін қаншама жылдар өтсе де анық байқауға болады. Мысалы, 1990-шы жылдары болған дағдарыс нәтижесінде  Азия елдері әлі күніге дейін шетел валютасын жинаумен әлек. Германия «Веймар Республикасы» дәуірінде орын алған гиперинфляция, инфляция деген сөздің өзі Еуропа елдерінде адамдардың зәресін алады. 2008 жылы басталған әлемдік экономикалық дағдарыс күні бүгінге дейін сезіледі.

Енді, міне, вирустың пайда болуы және бүкіл әлем елдерінде тез тарауы экономикаға әсер етуде. Бірнеше аптаның ішінде адамдар «маска» тағуға дағдылануда, әлеуметтік және іскерлік жиындардың көпшілігі тоқтатылуда, алдын алу мақсатымен көбінесе азық-түлік тауарларын үйде жинауға дағдылануда, күнделікті жұмыс тәсілі өзгеруде, басқа қалаларға немесе елдерге іс-сапарлары, қарым-қатынасы тоқталуда. Тіпті, вирусқа шалдыққандар саны аз елдердің өзі аталмыш іс-шараларды қолға алуда. Бұл дағдылар вирус әсері тоқтатылғанның өзінде ұзақ уақыт сақталатыны мәлім. Экономика тұрғысынан қарағанда, бұл дағдылар ең алдымен әлемдік тұтынудың күрт азаюына әкеп соғады. Вирустың әсері әлемдік өндірушілерді де айналып өтпейтіні мәлім. Олар өздеріне қажет шикізаттарды қай мемлекеттерден алатынын және өз өнімдерін қай елдерде шығаратынын қайта қарастырады. Оның үстіне, өндірушілер жұмысшыларын қашықтықтан жұмысқа тартуға тырысады. Бұл да дағды ретінде қалыптасып кетуі әбден ықтимал.

Вирустың қысқамерзімді кері әсері ұзақмерзімді экономикалық дағдарысқа айналуы ықтимал. Денсаулық секторындағы ресурстардың барлығы вируспен күресуге шоғырланғаннан кейін инфрақұрылымға жасалатын инвестициялар азаяды. Мектептер жабылады, студенттердің сапалы білім алуға мүмкіндіктері шектеледі, әл-ауқаты төмен студенттер мектепке немесе жоғары білім алу мекемелерінде білімдерін жалғастыра алмауы мүмкін. Мұның барлығы ұзақмерзімде адам капиталының құлдырауына жол ашады. Мәселен, Сиерра Леонеде Эбола эпидемиясының тарауына байланысты мектептер жабылды және жасөспірімдердің туу саны күрт артқаны байқалған.

Коронавирустың (COVID-19) орташа дамыған және баяу дамушы елдерге әсері. «Блумберг» сарапшыларының есебіне сүйенсек, жалпы өнім әлем бойынша $2.7 триллион азаяды, ал «Азия Даму Банкісінің» болжамына сәйкес әлемдегі өнім көлемі $77милиардтан  $347 миллиардқа дейін төмендеуі мүмкін. OECD ұйымының баяндамасының мәліметінше, әлемдегі экономикалық өсу 2 есе азаяды. «Бэйкер-МакКензи» мамандары вирус ең алдымен Африка елдеріне әсер етеді. Қытай өндірісінің күрт төмендеуі және соның нәтижесінде Қытайдың Африка елдерінен шикізат импорты азаяды. Осы ретте Африка экономикасының құлдырауы күтілуде. «Азия Даму Банкі» 22 Азия елдерінің экономикасына қатысты сараптама жасай отырып, ең көп зардап шегетін елдердің қатарына Мальдивы, Камбоджа және Таиландты қосып отыр. Аталмыш елдер, негізінен Қытай серіктестері болғандықтан осындай жағдайға ұшырайды деген болжам бар. «Deutsche Welle» агенттігінің сараптамашылары Қытай өндірістерінің жабылуы алдымен Африка елдерінің тұтынушыларына әсер етеді деп жорамалдап отыр. Мысалы, Уганда импортының 1/4 бөлігін Қытай импорты құрайды. Оған қоса, ондағы өндіріс процессі тоқтаған. Неге десеңіздер, ол жақтағы өндірушілердің басым бөлігі Қытайдан екенін анық айтуға болады. «Dai, Hu» және «Zhang» атты сарапшылардың «Қытай кәсіпкерлері және олардың инновация үрдісіне үлесі» атты баяндамасына жасалған анкета негізінде «сауалнамаға қатысқан фирмалардың 20 пайызы бір айда қызметін тоқтатады, ал 64 пайызы шамамен 3 айдан кейін қызметін тоқтататынын мәлімдеген».

Байқап отырғанымыздай, көптеген мамандардың пікірі бойынша вирустың дамушы елдердің экономикасына әсері өндірістің тоқтауы және Қытай экспортының азаюы салдарынан туындап отыр.

Вирустың ықпалы, әсіресе, әл-ауқаты төмен жандардың арасында сезіледі. Табысы жоғары немесе жағдайы жақсылар, әдетте, қосымша қаражаттарға, соның ішінде, мысалы, несиеге қолжетімді болады. Оның себептерінің бірі компаниялар, ірі фирмалар және басқа да тұлғалар кепіл болатын активтер жеткілікті. Ал, әл-ауқаты төмен тұлғалар, кіші және кейбір орта фирмалар кепіл болатын активтерінің болмауына байланысты құлдырауға бір қадам жақын болады. Сондықтан, дағдарыс жағдайында теңсіздік артуы байқалады. Тіпті, несие алуға мүмкіндік жасау мақсатымен Ұлттық Банк базалық мөлшерлемесін (несиенің пайыздық мөлшерлемесін) азайтқанның өзінде кепілсіз несие қолжетімді болмайды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях