Нәзік жандарды кәсіпке үйретер орталық (Видео)

Нәзік жандарды кәсіпке үйретер орталық (Видео)

Жан-жақты көрсетіліп отырған мемлекет қолдаулары бүгінде еліміздегі кәсіпкерлік саласының дамып, оның қоғамдағы өз үлесін алуына бірден-бір мүмкіндік тудырып отыр. Соның бірі – 2017 жылдан бастап жүзеге асырыла бастаған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» атты еңбек бағдарламасы Ал, сол мемлекеттік бағдарламаның толықтай жүзеге асуына қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлердің қатарында ауданымыздағы әлеуметтік жағдайы төмен қыз-келіншектер мен көп балалы аналарға арналған тегін мамандық курстарын меңгертетін орталықты ашып отырған Әйгерім Түлкібаева бар. Бұл салалық дамыту курсын оқытатын мекеме Қаскелең қаласындағы «Jetisu» кешенінде орналасқан.

Ал, қазіргі таңда мұнда 50 жуық тәлімгер «Тырнақ күтімінің шебері», «Бет әрлеуші», «Шаштараз», «Кірпік жабыстыру шебері», «Қас бойтын маман» бағыттары бойынша тегін өз білімдерін жетілдіруде. Аталмыш курстан өту үшін алдымен аудандық «Жұмыспен қамту орталығына» тіркелу керек. Одан кейін, тәлімгерлер оқу курсында бір ай бойы теориялық дәріс өтсе, қалған екі ай көлемінде тәжірибе жүзінде жатығады.Орталықтағы оқып жатқан нәзік жандардың айтуынша білікті жетілдіру курсы көңілдерінен шығып жатыр.

Сұранысы мол кәсіптің тетігін табуға жолы ашқан Әйгерім Кабирқызының бастамасы шынымен ұтымды-ақ. Отбасы ошақ қасынан шыға алмай жүрген әйелдер қауымына зор мүмкіндік жасап отырған кәсіпкерге алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях