Қазақстаннан Грузияға тікелей рейстер ашылады

Қазақстаннан Грузияға тікелей рейстер ашылады

«FlyArystan» компаниясы 2 мамырдан бастап Грузияның екі қаласына тікелей рейстер ашады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған мемлекеттің Кутаиси қаласына Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтау қалаларына аптасына екі рейспен ұшуға болады.
Билет бағасы 24 999 теңгеден басталады. Әуе рейстері «Airbus A320» ұшақтарымен орындалады.
Сонымен қатар, «Air Astana» 15 мамырдан бастап Алматыдан Батумиге тұрақты рейстерді іске қосады. Рейс аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Жолаушылар «Airbus A320» ұшағымен тасымалданады.
Билет құны екі жаққа 131 мың теңгеден басталады.

Грузияға ұшатын адамдардан теріс нәтиже көрсетілген ПТР-анықтама талап етіледі. Анықтама оны алған сәттен бастап 72 сағат бойы жарамды.

Вакцина салғызған жолаушылар COVID-19-ға қарсы препараттың екі дозасын алғанын растайтын құжаты болған жағдайда, ПТР-анықтама көрсетпейді.

Анықтама ағылшын немесе орыс тілдерінде болуы шарт.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях