Қазақстанда Pfizer вакцинасы уақытша тіркелді  

Қазақстанда Pfizer вакцинасы уақытша тіркелді   

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі елде уақытша тіркелген вакциналар тізіміне Pfizer-BioNTech Comirnaty («Комирнати») вакцинасын қосты, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Комирнати» вакцинасына 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін берді. Қазақстанда тіркелген коронавирусқа қарсы вакциналардың толық тізімін мына жерден көре аласыз.

Денсаулық сақтау министрлігі ата-анасының келісімі бойынша 12 жастан асқан балаларға екпе егу жоспарланғанын айтты.

Бұл ретте департамент мәліметінше, вакцинация әлі басталмаған. Нақты уақыты кейінірек хабарланады.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, Қазақстанда бірінші компонентті 6 669 969 адам, екінші компонентті 5 438 316 адам салғызған.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях