Кейбір мектептер оқушы қыздарға шалбар киюге тыйым салды

Кейбір мектептер оқушы қыздарға шалбар киюге тыйым салды

Кейбір қазақстандық мектептердің әкімшілігі қыздарға шалбар киюге тыйым салды. Бұл тыйым балаларға да, олардың ата-аналарына да ұнамаған, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш басылымның ақпаратына сүйенсек, Алматы, Қарағанды және Атырау облыстарындағы мектептерден бірнеше шағым түскен. Ата-аналардың айтуынша, қыздар мектепке тек юбка киіп баруға мәжбүр екен.

«Осындай салқында қыздар шалбар киіп жүру керек. Бұлай тыйым салу заңсыз деп санаймыз, мұндай заң жоқ», — деп шағымданды олар.

Білім және ғылым министрлігі биыл оқушыларға орта білім беру ұйымдарына мектеп формасында немесе классикалық стильдегі киімде оқуға рұқсат етілгенін хабарлады. Классикалық стиль матаның, түс пен өлшемнің қатаң, ұстамдылығымен сипатталады. Қазір мектеп тәжірибесінде үстіне ашық, астына қою түс киюге рұқсат беріледі.

БҒМ мектеп оқушылары мектепке юбка немесе шалбар кию керек деген талап жоқ екенін атап өтті.

«Даулы мәселелер туындаған жағдайда шешім мектептің қоғамдық кеңесінің келісімі бойынша қабылдануы мүмкін. Қазақстан БҒМ азаматтарының өтініштеріне жедел жауап беру үшін ҚР БҒМ КОКСОН сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттері басшыларының, кол-орталықтары мен білім басқармалары басшыларының телефон нөмірлері жарияланды», – деп хабарлады БҒМ Баспасөз қызметі.

Барлық нөмірлер сайтта, білім басқармалары мен департаменттердің әлеуметтік желілерінде жарияланған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях