Тұрғын  үй  кезегінде  тұрғандар  үшін  хабарлама

0
2210

«Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабының 5-тармағына сәйкес, аудан бойынша тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтардың тізімін түгендеу (инвентаризация) жұмысы жылына бір рет жүргізілуі тиіс. Осыған орай «Қарасай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», жоғарыда аталған іс-шараны 2016 жылдың 1 желтоқсанынан 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізеді.

Түгендеу жұмысы төрт ай жүргізіледі, осы мерзімде тізімде тұрған мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік мекеме қызметкерлері мекенжайы туралы анықтамасын, жылжымайтын мүлік тіркелмегені (тіркелгені) туралы анықтама, отбасы туралы анықтама және жұмыс орнынан құжаттарын тапсыру керек. Егер де тұрғын үй кезегінде тұрған үміткердің атында жылжымайтын мүлік тіркелген жағдайда, тіркелген жерінің мекенжайы ауысқан жағдайда немесе мемлекеттік мекемесінен жұмыстан босатылса «Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 73-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғын үй кезегінен алынады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь