Бүгін еліміздің барлық аймақтарында «Халық заңгері» акциясы өтті. Бұл шарада заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, заң тұрғысынан көмек көрсетеді. Аталған акция біздің аудан да ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
[su_custom_gallery source=»media: 44219,44220,44222,44223″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Аудандық Мәдениет үйінің фойесында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттарының ұйымдастырумен болған шараға тегін кеңес беру үшін ауданымыздың 50-ден астам мекемелерінің өкілдері қатысты.
Олар келген 200-ден астам қарасайлықтарға азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, тұрғын-үй, жылжымайтын мүлік, заңды тұлғаларды тіркеу, сот шешімдерінің орындалуы, мүлікті заңдастыру және тағы да басқа мәселелер бойынша кеңес берді.
Айта кетейік, «Халық заңгері» акциясы жыл сайын ауқымды көлемде өткізіліп отырады. Оған еліміздің кез-келген азаматы қатыса алады. Мұның бәрі Мемлекет басшысының ашықтық туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.