«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында

0
4836

Бүгін аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен,  «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері Ұлы Отан соғысы ардегері Федор Осиповтың үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Оған барлығы осы орталықтың 5 қызметкері қатысып, аула маңындағы қарды күреп, есік алдын қоқыстан тазартты. Ал, бұл жобаның негізгі мақсаты қарияларды қадір тұтып, көңіл бөліп, құрметтеу болатын.

Сонымен жастардың мұндай ізгі ісіне таңырқап, риза болған қарт ардегер үлкен алғысын айтып, оларға ақ ниетін білдірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь